384
Түркістан облысы, Сарыағаш ауданында түнгі уақытта үй тонап кеткен жергілікті тұрғын ұсталды.
Аудандық полиция бөліміне жәбірленуші арызданған. Ол өз арызында түнгі уақытта белгісіз біреулер үйіне терезе арқылы кіріп, жатын бөлмеде тұрған 300 мың теңге ақшасын жымқырып кеткенін көрсеткен.
«Аталған жайт Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі «Ұрлық» бойынша тіркеуге алынды. Жедел іздестіру жұмыстары кезінде бір тәулік ішінде күдікті ұсталды. Ол Сарыағаш ауданының тұрғыны болып шықты. Тергеу кезінде күдікті ұрлықты жоспарлы түрде жасағанын мойындады. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.
Белгілі болғандай, ұсталған ер кісі оңай олжасын өз қажеттілігіне жаратып жіберген екен.