Түркістан облысы, Шардара ауданындағы орталық мешітте ашық есік күні өтті. Қайырымдылық мақсатты ұйымдастырылған шарада аудандық аурухананың хирург-дәрігері Нұрсұлтан Сарыбаев 150 баланы ақысыз түрде сүндетке отырғызды.
«Сүндеттеу бұл Пайғамбарымыз (с.а) қалған сүннет амал. Шариғатымызда да және медицина бойынша да сүндеттеу тазалық болып саналады. Сондай-ақ, орталық мешітте ашық есік күнінін өткізіп, ақысыз түрде жұмыс атқарып жатқан Шардара аудандық орталық ауруханасына оның ішінде хирург дәрігер бауырымызға өз алғысымды білдіремін. Осындай игі шараларды алдағы уақытта тағы да жалғастыратын боламыз»,- деді Шардара ауданының бас имамы М.Асанов.
Таңнан баласын ертіп, орталық мешітке қарай ағылған тұрғындар сауапты іс-шараны ұйымдастырушы азаматтарға алғыстарын жаудырды.
Қайырымдылық шараны ұйымдастырушылар сүндетке отырған балаларға арнайы сыйлықтар табыстады.