​Шетелге жанар-жағармайды заңсыз экспорттамақ болған компания басшысы сотталды

Теги: ,
351

Қаржылық мониторинг агенттігінің Павлодар облысы бойынша департамент қызметкерлері АИ-95 маркалы бензині бар 3 вагон цистернаны «жанармай қоспасы» деген желеумен елден заңсыз әкету фактісін анықтады. Вагон ішінде жалпы құны 54 млн теңге тұратын 165 тонна жанармай болған. Сондай-ақ, аталған компаниядағылар 89 млн теңге тұратын көлемі 280 тонна АИ-95 маркалы бензині бар 5 вагон цистерна Өзбекстанға экспорттамақ болған кезде де ұсталды. Бұл туралы агенттіктегілер хабарлады.

«Бұл компания Өзбекстан мен Тәжікстанға 90 миллион АҚШ доллары көлемінде 100 мың тоннадан астам жанар-жағармай экспорттауды көздеген. Серіктестік директоры өз кінәсін толық мойындады. Тәркіленген бензин құйылған цистерналар мемлекет кірісіне айналдырылды. Бұрын сатылған бензиннің құны 54 млн теңге сотталғаннан мемлекет кірісіне өндірілді» делінген мәліметте.

Сот үкімімен ЖШС директоры кінәлі деп танылып, 3 жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды.

Предыдущая запись
18 музеев страны представили экспонаты на республиканской выставке в Караганде
Следующая запись
​Аким Туркестанской области ознакомился с работой Turkistan Media Holding

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню