343
Жамбыл облысы, Шу ауданында орын алған атысқа байланысты күдіктілер қамауға алынды. Бұл туралы ІІМ-нің Telegram-каналы жазды.
Аталған қылмысқа қатысы барлардың барлығы анықталған. Қылмыстық кодекстің 99-бабының 2-бөлігі 1-тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды.
Оқиғаның екі белсенді қатысушысы уақытша ұстау изоляторына қамалды. Үшінші күдіктіге қатысты тергеу әрекеттері жүргізілуде. Нәтижесіне сәйкес қамаққа алу туралы сұрақ қаралатын болмақ. Сондай-ақ тағы бір күдіктіге қылмыстық қудалау органдарымен халықаралық іздеу жарияланды.
Еске салсақ, Шу ауданында екі көлікпен қыдырып жүрген жастарды әлдекімдер соңынан қуып жетіп, қарумен оқ жаудырған болатын. Салдарынан бір бала мерт болып, екі жігіт ауыр халде ауруханаға түскен.