Шымкент: 23 тұрғын уылдырық шашу мезгілінде заңсыз балық аулағаны үшін жауапқа тартылды

Теги: ,
529

Қала аумағында балық уылдырық шашатын кезеңде ағымдағы жылдың 1 сәуір — 31 мамыр аралығында “Уылдырық-2021” республикалық жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Осы орайда Табиғатты қорғау тобының қызметкерлері қала аумағындағы су айдындарында күн сайын рейдтік жұмыстар жүргізуде.

Шара барысында Бадам су қоймасында 2 азамат заңсыз балық аулағаны үшін түнгі рейд кезінде ұсталды. Оларға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1-бөлігімен (Балық аулау қағидаларын, сондай-ақ балық ресурстары мен басқа да су жануарларын пайдаланудың басқа да түрлерiн жүзеге асыру қағидаларын қылмыстық жазаланатын іс-әрекет белгiлерi жоқ бұзушылық) хаттама толтырылды. Сондай-ақ, тәртіп сақшылары тұрғындарға түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, балық уылдырық шашатын мезгілде балық аулауға тыйым салынғанын ескертті.

Қазіргі таңда жалпы шара барысында заңсыз балық аулаудың 23 жайты анықталған. Тұрғындарға тиісті бап бойынша әкімшілік шара көрілген.

«Әрбір адам табиғат байлығын сақтауға міндетті. Біз азаматтарға уылдырық шашу кезінде балық аулауға болмайтын кезеңнің мерзімдерін еске салып, түсіндіру жұмыстарын жүргізудеміз. Балық аулаушыларды заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырамыз. Тыйым салынған мерзімде балық аулау ережелерін өрескел бұзғаны үшін ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 383-бабымен қатаң жауапкершіліктің – жеке тұлғаларға 20 айлық есептік көрсеткішке дейін, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне 250 айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салу қарастырылғаны туралы еске саламыз», — дейді Табиғатты қорғау тобының аға инспекторы полиция майоры Сабаев Ұлықбек.

Предыдущая запись
Түркістан облысының тұрғыны ғашығының туған күніне сыйлық жасау үшін ұрлық жасады
Следующая запись
Атыраудағы автосалондарда жеңілдетілген несиеге байланысты кезек пайда болды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню