Шымкент: ақшаңды еселеп берем деп елді алдап соққан жігіт ұсталды

Теги: ,
371

Еңбекші аудандық полиция бөліміндегілердің анықтауынша, ер адам әлеуметтік желідегі жарнама арқылы елдің сеніміне кірген. Полицияға жәбірленушінің бірі арызданған. Ол арызында “WhatsApp” желісіндегі топқа қосылып, топтың әкімшісі кез-келген ақшаны екі еселеп көбейтіп беруге уәде бергеніне иланғанын айтқан. Өз құрбандарының сеніміне кіру үшін алаяқ жиі-жиі жалпы чатқа дәлелдеме ретінде ұтыс түбіртектерінің фотосуреттерін жіберіп отырыпты. Нәтижесінде күдікті оның 750 000 теңгесін алаяқтық жолмен өз есеп шотына аудартып алған. Содан алаяққа алданғанын кеш түсінген.

Полиция қызметкерлері ер адам тұрғылықты мекен-жайында құрықтады. Тексеру кезінде күдіктінің осындай сылтаумен Шымкент қаласы мен Түркістан облысының тағы 6 тұрғынын алдағаны анықталды. Белгілі болғандай жәбірленушілерге келтірілген жалпы шығын көлемі 2 500 000 теңгеден асады. Қазіргі таңда, аталған жайт бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары жүргізілуде. Осы тұста полиция жәбірленушілердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Предыдущая запись
Шымкенттік полицейлер Алматыдағы жаппай тәртіпсіздіктер кезінде қару ұрлағандарды ұстады
Следующая запись
В Туркестанской области чествовали медицинских работников

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню