Шымкент: алыптар өз таңдауын жасады

Теги: , ,
379

Қазақ батырларының киімін киген алып денелі жас жігіттер өздері тіркелген референдум учаскесіне келді. Бүгін ерекше нақыштағы киімде жүрулері бекер емес секілді. Айтуларынша, жоспарлы іс-шараларына кетіп бара жатып, еліміз үшін маңызды шараны ұмыт қалдырмауды құп көріпті. Арнайы атбасын бұрып, өздері тіркелген дауыс беру учаскесінде таңдау жасады. Дауыс беруге келген алып тұлғалы жігіттердің ерекше тұлғасына таңырқай қарағандар естелікке суретке түсіп жатты.

Айта кетейік, қазақтың бүгінгі батырларының ерекшелігі –бойларының ұзындығы. 23 жастағы Барлос Маккамовтың бойы- 2 метр 15 сантиметр. Ал 18 жастағы Думан Абдулланың бойы -2 метр 13 см.

Естеріңізге сала кетейік, бүгін Қазақстанда Конституцияға түзетулер бойынша дауыс беру өтіп жатыр.

Сайлау учаскелері сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін ашылады.

Жалпы алғанда, бұл күні 10 мыңнан астам учаске, оның ішінде 65 учаскелік комиссия республикадан тыс жерлерде, 52 елде жұмыс істейтін болады.

Егер азаматтардың жартысынан көбі облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың кемінде үштен екісінде, яғни 17 өңірдің 12-інде дауыс берсе, негізгі заңға өзгерістер мен толықтырулар қабылданды деп есептеледі.

Орталық референдум комиссиясының Республикалық референдумның қорытындылары туралы хабары дауыс беру өткізілгеннен кейін жеті күн ішінде жариялануға тиіс. ҚР ОСК мәліметінше, референдумға қатысу құқығы бар азаматтардың тізіміне 11,7 млн-нан астам азамат енгізілген.

Естеріңізге сала кетейік, Қазақстан Президенті Қасымжомарт Тоқаев халыққа Жолдауында 16 наурызда Парламент отырысында мемлекеттің саяси жүйесін кешенді жаңарту бойынша реформалардың жаңа пакетін ұсынды.

Предыдущая запись
Необычные горожане пришли на референдум в Шымкенте
Следующая запись
В небольшом селе Сарыоба Акмолинской области к полудню проголосовало больше половины избирателей

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню