Шымкенттегі Рашидов көшесінің бойында «Газ 53» маркалы жүк көлігі аударылып қалған. Оқиға куәгерлердінің айтуынша, жүк көлігінің тежегіші істен шыққан сыңайлы. Жаншылған үш машинаның екеуі қатты бүлінген. Бейнежазба авторы аударылған көліктің сақтандырылмағанын баяндайды.
Полицияның дерегінше, бұл жағдай 13-сәуір күні болды. Жүк көлігінің жүргізушісі көлік құралын игере алмай аударылып қалған. Жол-көлік оқиғасында қайтыс болғандар мен зардап шеккендер жоқ, деп хабарлады полиция. Бұл жағдай көлік жуу ғимаратының алдында болды. Бүлінген машиналар жекелеген азаматтардікі екен, олардың шығыны өндірілу жағы сот арқылы шешіледі.
«Патрульдік полиция полкінің қызметкерлерімен жүк көлігінің жүргізушісіне қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 610-бабымен “Көлiк құралдары жүргiзушiлерінiң жол жүрісі қағидаларын адамдардың денсаулығына зиян келтiруге, көлiк құралдарының немесе өзге де мүлiктiң бүлінуіне алып келген бұзушылығы” әкімшілік хаттама түзілді. Жинақталған іс-құжаттар әкімшілік сотқа жолданады, — деді Полиция департаментіндегілер.