Шымкент: азаматтарды 100 млн теңгеге алдап соққан алдын ала сөз байласқан адамдар тобы ұсталды

Теги: ,
362

Олар тұрғындарға мемлекеттік бағдарлама бойынша қайтарымсыз грант ақша, төмен пайызбен несие алып береміз деп сендірген. Осылайша алаяқтық жолмен бірнеше рет ірі мөлшерде және аса ірі мөлшерде ақшаларын заңсыз иемденіп отырған, деп хабарлайды Шымкент қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Полицияға арызданған отыздан астам адамның бірі 100 мың теңге берсе, кейбірі 750 мың теңгесін санап беріпті. Жәбірленушілерге келтірілген шығын көлемі шамамен 100 млн теңгені құрайды.

Полицияның дерегінше, алаяқтық әрекетті жасаған алты әйел адам анықталды. 1983, 1986,1987 және 1990 жылы туған олар 2020 жылдың мамырынан бері шымкенттіктерді алдап келген.

«Алаяқтықты кәсіп еткен 6 адамнан құрылған топ анықталды. Оларға қатысты ҚР ҚҚ-нің 190-бабымен (Алаяқтық) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі таңда 4 азаматша ұсталып, оларға қатысты «күзетпен ұстау» түріндегі бұлтартпау шаралары қолданылған. Ал бір азаматша Нұр-Сұлтан қаласының сотымен 3 жыл 6 айға сотты болып, бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеуде. Тағы бір айып тағылған күдікті тұлға Әл-Фараби аудандық сотынан бой тасалауына байланысты мемлекетаралық іздеуге жарияланған» , — деді Шымкент қаласы Полиция департаментінің Баспасөз хашысы.

Полицейлер алаяқтардың арбауына түскен азаматтардың саны бұдан көп болуы мүмкін деп отыр.

Предыдущая запись
Түркістан облысы: Жетісай қаласының тұрғыны медициналық мекеме қызметкерінен 32 млн теңге бопсалаған
Следующая запись
Атырауда пойыз жолсеріктері келіншекті босандырып алды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню