Шымкент: «Көк жайлау -2» тұрғын үй кешеніндегі көпқабатты үйге қаржы құйған үлескерлердің алды пәтер кілтін ала бастады

Теги: ,
449

Қуанышты хабарды Алмас Жұмабеков есімді мұғалім жігіт жеткізді. Үш жыл бұрын үш бөлмелі пәтерге 5 млн теңге төлеп қойған азамат көп созбай ішкі жөндеу жұмыстарын бастаймын деп отыр. Пәтердің әзірге сыртқы есік-терезесі ғана салынған. Тұсқағаздарын жапсырып, ішкі есіктерін салып, еденін төсеуден бөлек ұсақ-түйек жұмысы жеткілікті.

«Жаңа ғана оншақты отбасы кілт алдық. Қуанышым қойныма симай тұр. Үш жыл болды бұл күнді күткеніме. Енді жөндеуге кірісемін тездетіп. Тұсқағаздарын жапсыруы бар, едені, есігі бар дегендей, кемінде 5-6 млн. теңге қаражат кетейін деп тұр. Пәтерақыға төлегеннен ақшаны өз үйіңе салғанға жетпейді ғой. Бізге енді сол ішкі әрлеуімен есептелген бағадағы айырмашылықты дұрыстап берсе дейміз. Қазіргі бізге береміз дегені шаршы метріне — 28 мың теңге. Бірақ біз оған көніп отырған жоқпыз. Құрылыс материалдары қатты қымбаттап кеткен қазір. Соны есептей келе 100 мың теңгеден шегерсе деген талабымызды қойдық компанияға. Олар бізден екі аптадай уақыт сұрап отыр. Барлығын есептеп бір жауабын айтады», — деді Алмас Жұмабеков есімді үлескер.

«Көк жайлау -2» тұрғын үй кешенінде 580 пәтер бар. Құрылтайшылардың дерегінше соның ішінде 140 отбасы үлескер ретінде 2019 жылы қаражат салған. «7-20-25» бағдарламасымен пәтер алғандардың арасында басым бөлігі пәтерлерді ішкі әрлеусіз алуға келісім беріп отыр.

Предыдущая запись
Старый парк на новый лад, или история длиной более полувека
Следующая запись
Түркістан облысында жеке тұрғын үй өртеніп, екі бала қаза тапты

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню