ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов бүгінгі Үкімет отырысында еліміздің соңғы 9 айдағы әлеуметтік-даму қорытындысын жасау барысында Шымкент барлық сала бойынша оң өсімді сақтап, елімізде көш бастап тұрған өңірлер қатарында екенін айтып өтті.
Атап айтқанда, үшінші мегаполис экономикасына тікелей инвестициялар көлемі жылдан жылға артып келеді. Ағымдағы жылдың алғашқы жеті айының қорытындысы бойынша Шымкент экономикасына 219,1 млрд теңге инвестицияланды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 28,6% — ға өсті. Айта кету керек, инвестициялардың көп бөлігі жеке инвесторлардың қаржысы болып табылады. Мысалы, мемлекеттік бюджеттен Шымкент экономикасына 52,6 млрд теңге, ал жеке көздерден — 166,5 млрд теңге инвестиция салынды. Мәселен, ағымдағы жылдың алғашқы жеті айында Шымкент кәсіпорындарында 507,5 млрд теңгеге өнім өндірілді. Нақты көлем индексі 108,4% құрады. Оның ішінде өңдеу өнеркәсібінде бұл көрсеткіш 109,6% — ға тең. Өндіріс қуатының өсуі 9,6 пайызды құрайды.
Бүгін Шымкентте құрылыс жұмыстары қарқынды жүріп жатыр. Есепті кезеңде осы секторда орындалған жұмыстардың көлемі 76,7 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 20,5% өсім байқалады. Жұмыс нәтижелі жүріп жатқан жерде оның нәтижесі жақсы болатыны сөзсіз, деп сенеді премьер-министр.
Жыл басынан бері жеті ай ішінде Шымкентте 371,8 мың шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңіндегі көрсеткіштен 15 пайызға артық.
Сауданың жалпы көлемі бойынша Шымкент ірі сауда-экономикалық орталыққа айналуда, деп мәлімдеді Әлихан Смайылов. Қаңтар-шілдеде сауданың жалпы көлемі 946,1 млрд теңгеге жетті.
Нақты көлем индексі 109,8% құрады. Көлік және логистика саласында қызмет көрсету көлемі 158,5 млрд теңгені құрады, өсім 7,2 пайызды құрады. Ал байланыс қызметтерінің жалпы көлемі 4,8 миллиард теңгеге жетті, бұл саладағы өсім 4,7 пайызға тең
Жалпы көрсеткіштер келесідей:
• Өнеркәсіп өнім көлемі 666,4 млрд.теңге жетіп, нақты көлем индексі 106,7 пайызды құрады. Оның ішінде, өңдеу өнеркәсібі – 108,1 пайыз болып отыр.
• Инвестиция көлемі 327,9 млрд.теңге болып, 20 пайызға артты.
Оның ішінде, мемлекеттік бюджеттен 80,3 млрд.теңге, жеке көздерден 247,6 млрд.теңге.
• Құрылыс жұмыстарының көлемі 131,4 млрд.теңге немесе 139,7 пайызды құрады.
• Пайдалануға берілген тұрғын үй көлемі 507,1 мың шаршы метр немесе 127 пайыз болды.
• Жалпы сауда көлемі 140,1 млрд.теңге болып, нақты көлем индексі 12,9 пайызға артты. Оның ішінде, бөлшек сауда 417,9 млрд.теңге, нақты көлем индексі 111,5 пайыз, көтерме сауда 944,3 млрд. теңге, 113,4 пайыз.
• Жалпы көлік көлемі 224,3 млрд. теңге болып, 107,9 пайызды құрады.
Жолаушылар айналымының нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңіне 0,8 пайызға, жүк айналымы 3,2 пайызға артты.
• Байланыс қызметі 5 724,9 млн. теңгені немесе 4,6 пайызға артты.
Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі