Полицияның мәлімдеуінше күдікті оны еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсірмекші болған. Бұл жағдай бүгін Нұрсәт шағын ауданындағы № 49 көпқабатты үйдің жедел сатысында таңертеңгі уақытта болды.
«25.05.2022 жылы Шымкент ҚПД Қаратау АПБ 102 сымтетігіне жергілікті тұрғын хабарласып белгісіз азамат өзінің еркінен тыс жыныстық қатынасқа түсірмекші болып қысым көрсеткені бойынша хабарлаған. Қазіргі таңда ҚР ҚК-нің 24-120 бабы «Зорлауға оқталу» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Аталған жайт бойынша білікті полиция қызметкерлерден арнайы топ құрылып күдіктінің тұлғасын және жүрген жерін анықтау жұмыстары жүргізілуде» — делінген Полиция департаменті таратқан ақпаратта.
Еске салайық, әлеуметтік желіге тараған видеода белгісіз ер адамның балалы келіншектің соңынан ілескен күйі лифтіге бірге кіріп, артынан келіншектің аузын басып, тонауға оқталған. Бұл көрініс көпқабатты үйдің бейнебақылау камераларына түсіп қалған.