Шымкент полицейлері нақты уақыт режимінде интернет арқылы порнографиялық қызмет ұсынумен айналысатын ұйымдасқан қылмыстық топты құрықтады

Теги: ,
517

Бұл туралы бүгін Полиция департаменті бастығының орынбасары, полиция полковнигі Арман Бейсенбаев мәлімдеді.

«Әлеуметтік желілерге жүргізілген мониторинг барысында өткен жылдың шілде айында біздің жедел қызметкерлер онлайн хабар тарататын порностудияны анықтады. Біз бұл ақпаратқа қызығушылық танытып, жарты жыл ішінде барлық қажетті іздеу шараларын жүргіздік. Нәтижесінде Алматы, Нұр-Сұлтан және Шымкент қалаларының тұрғындарын анықтадық , оның ішінде 5 Қырғызстан және 6 Қазақстан азаматы бар. Біз оларды үш мегаполистің жалдамалы пәтерлерінде ұстадық. Қазіргі уақытта соттың шешімімен барлығы 11 адам қамауға алынды. Олардан шамамен 44 мың АҚШ долларын құрайтын ақша, екі қымбат «Тойота Камри — 70» және бір «Lexus GX 460» көлігі тәркіленді».

Шетелдік сайттарға онлайн қызмет көрсеткендердің көрермендері — шетелдіктер. Бұл көрсетілім үшін қыздарға қомақты жалақы төленіп отырыпты. Әр айдың 15 күнінде әрқайсысына 200 мың мен 500 мың теңге аралығында ақы берілген. Ұйымдастырушылар түскен ақшаның 30 пайызын қыздарға ұстатып, қалғанын өз қалталарына басып отырғаны белгілі болды.

Нұрбол Ашакулов, Шымкент қаласы ПД Криминалдық полиция басқармасының аса маңызды істер жөніндегі аға жедел уәкілі:

«Жалпы аталған процесте порно студияны ұйымдастырған азаматтар онлайн тікелей эфир режимінде жұмыс істеуге жас, сұлу, сымбатты қыздарды тартып, оларға қомақты ақшалар ұсынған жалақы ретінде. Олар қыздарды порно сайттарға тіркеп, тікелей эфир режимінде порнографиялық сипаттағы бейнетүсірілімдерге яғни өзінің жалаңаш денелерімен түрлі порнографиялық сипаттағы шоулар көрсетуге тартқан. Бұл жерде көрермендер шетелдіктер болған. Өткені бұл өзге елдердің сайттары. Қыздар негізі жалғыз өздері интимдік ойыншықтарды пайдалану арқылы өздерінің жалаңаш денелерімен қимыл әрекет жасап бейнетүсірілімдерге түсіп отырған.»

Аталған іс, ҚР Қылмыстық кодексінің екі бабы «ұйымдасқан қылмыстық топты ұйымдастыру және оған басшылық ету» және «кәмелетке толмағандардың порнографиялық бейнелері бар материалдарды дайындау және тарату немесе оларды порнографиялық сипаттағы ойын-сауық іс-шараларына қатысуға тарту» бойынша тіркелді.

Бұл қылмыстық топты ұйымдастырып, басқарған Қырғызстан азаматын тінту барысында одан және оның жерлестерінен есірткі заттарын тәркіледік. Ұйымдасқан қылмыстық топтың әрбір мүшесі өз міндетін атқарып отырған. Белгілі болғандай, қаладағы жалдамалы пәтерлерде арнайы жабдықталған 10-нан астам веб-порно-студия анықталды. Онда 50-ге жуық қыз жұмыс істеген, оның ішінде кәмелет жасқа толмаған екі жасөспірім бар. Сондай-ақ олардың көпшілігі есірткі пайдаланады. Аталған веб-порно-студияның аудиториясында негізінен шетел азаматтары болған және қызмет ақысын шетел валютасымен төлеген. Қазақстанда нақты уақыт режимінде жұмыс істеген порностудия алғаш рет анықталғанын атап өткім келеді. Бүгінде бұл ұйымдасқан қылмыстық топтың трансұлттық сипатқа ие болуы мүмкіндігін жоққа шығармаймыз. Қазір сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүріп жатыр», — деп қорытындылады полковник Бейсенбаев.

Предыдущая запись
Шымкентке қыс қайта келді
Следующая запись
Орал: қала іргесіндегі ауылдар қар құрсауында қалды

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню