Шымкент-Самара тас жолында жүйткіген жүргізушісі өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды

Теги: ,
355

Түркістан облысы, Ордабасы ауданындағы Шымкент-Самара тас жолында ішімдік ішіп рөлге отырған жүргізуші енді өмір бойына көлік тізгіндей алмайды.

Аудандық полицейлер жол-көлік оқиғасының алдын алу мақсатында ұйымдастырған рейдтік шара кезінде таңғы 04:00 шамасында «Opel Vectra» маркалы автокөлікті тоқтатқан. Тәртіп сақшылары жүргізушінің құжаттарын тексеру барысында оның бұған дейін ӘҚБтК-нің 608-бабы 4-бөлігі «Жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқаруына беру» бойынша кінәлі деп танылып, 6 жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылғанын анықтаған. Жүргізушінің бұл жолы да ішімдік ішіп, рөлге отырғаны белгілі болды.

«Тиісті сараптама тағайындалды. Оның қорытындысы бойынша жүргізушінің көлік басқарғанда мас халде болғаны расталды. Яғни, өз қателігінен нәтиже шығармаған жүргізуші тағы да мас күйде көлік тізгіндеген. Аталған жайтты полиция қызметкерлері ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігі «Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның көлік құралын басқаруы, сол сияқты көлік құралын басқаруды осындай адамға беру немесе көлік құралын осындай адамның басқаруына жол беру» бойынша тіркеп, Ордабасы аудандық сотына жолдады»,-деді Түркістан облыстық Полиция департаментіндегілер.

Сот шешімімен жүргізуші кінәлі деп танылып, өмір бойына көлік құралын жүргізу құқығынан айырылды. Бұдан өзге оған 1 жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.

Предыдущая запись
Астана медицина университетінің бұрынғы проректоры сотталды
Следующая запись
Дополнительные корпусы к школам сдадут в Шымкенте уже к новому учебному году

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню