Шымкент : Су сабын ішіндегі есірткі

Теги: ,
536

Сотталған күйеуімен кездесуге келген 39 жастағы әйел мекемеге тиым салынған зат алып келген. Шымкент қаласы және Түркістан облысы бойынша ҚАЖД ИЧ-167/2 қатаң режимдегі колониясының қызметкерлері түзеу мекемесіне есірткінің кіргізілуіне жол бермеді. Әкелінген заттарды жіті тексеру кезінде қызметкерлерге сәлем сауқаттың ішіндегі су сабын (шампунь) күдік тудырыпты. Оны ашып тексеру кезінде өзіне тән иісі бар өсімдік тектес жасыл зат табылды. Оқиға орнына дереу жедел-тергеу тобы шақырылды. Сараптама алынған заттың марихуана екенін анықтады. Анықталғанындай, әйел адам күйеуінің заттарымен қоса сол жерде жазасын өтеп жатқан тағы бір сотталғанға беріп жіберілген сәлемдеме ала келіпті. Бірақ оның ішінде есірткінің «тосын сый» ретінде жасырылғанын білмегенін айтып ақталды.

Бүгінгі күні ҚР ҚК 296-бабы бойынша (есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу) қылмыстық іс қозғалды, ол бойынша есірткіні колонияға беруге әрекет жасауға қатысы бар кемінде 6 адам жүріп жатыр.

Предыдущая запись
Жительница Петропавловска установила на телефон незнакомое приложение и потеряла 5 миллионов тенге
Следующая запись
В Таразе может появиться ребенок, у которого в свидетельстве о рождении в графе «мать» запишут мужчину

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню