Шымкент тұрғыны автосалоннан 28 млн теңге тұратын көлікті заңсыз айдап кеткен

Теги: ,
328

Бұл жағдай наурыз айының соңында болған. Жергілікті автосалонның әкімшілігі тексеру кезінде автокөліктердің бірінің жоғалғанын анықтаған. Шығын сомасы 28 миллион теңгені құрады.

Оқиға туралы жұмысшылар дереу полицияға хабар берген.

Полицейлер көлікті айдап кеткен тұлғаны анықтау мақсатында бірқатар жедел іс-шаралар өткізді. Нәтижесінде тәртіп сақшылары 2 сағат ішінде Бәйдібек би көшесінде ұрланған автокөлікті анықтады. Машинаны заңсыз иеленген азамат ұсталып, автокөлік салонға қайтарылды.

Қазіргі таңда іс айыптау актісімен сотқа жолданды, деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Қылмыстық кодекске сәйкес аталған құқық бұзушылық 1000 АЕК-ке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не 2 жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзімге бас бостандығынан айыруға әкеледі.

Предыдущая запись
Первые новобранцы пополнили ряды Вооруженных сил страны
Следующая запись
Туркестан готовится принять республиканский турнир по триатлону

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню