591
Полиция қызметкерлері «Карасора» жедел алдын алу іс-шарасы аясында тыйым салынған өсімдіктерді өсіру жайтын анықтады.
Тәртіп сақшылары Абай ауданының тұрғыны өз бақшасында құрамында есірткі бар өсімдіктерді өсіргенін анықтады. Тексеру жұмыстары барысында 118 түп көкнәр мен 7 түп қарасора тәркіленді.
Аталған жайт ҚР ҚК-нің 300-бабының 2-бөлігі 3-тармағымен тіркелді. Қазіргі таңда сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.
Заңнамаға сәйкес ірі мөлшерде өсiруге тыйым салынған өсiмдiктердi егу немесе өсiру немесе сораның, көкнәрдiң немесе құрамында есiрткi заттар бар басқа да өсiмдiктердiң сұрыптарын егіп-өсіру 3 жылдан 8 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыруға жазаланады.