Шымкент: жарты миллионның желілік кабелін ұрлаған азамат сотталды

Теги: ,
415

Бір апта ішінде Абай ауданының полиция басқармасына желілік кабельдің ұрланғаны туралы екі хабарлама келіп түскен. Алдымен белгісіз біреу Толстой көшесіндегі интернет кабелін кесіп алып, иесіне 132 мың теңге көлемінде шығын келтірді. Ұры үшін келесі пайда Төреқұлов көшесіндегі бағанаға ілінген кабель болды. Бұл жолы акционерлік қоғамға 371 мың теңге көлемінде шығын келген.

Арыздар бойынша жедел уәкілдер бірқатар іздестіру шараларын жүргізді. Шымкент қаласы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының қылмыс болған жерге жақын орналасқан бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеру нәтижесінде кабель ұрлаушы оңай анықталды. Ол 35 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты.

Тергеу барысында полицейлер күдіктінің құны 135 мың теңге болатын велосипед ұрлауға қатысы барын анықтады. Ер адам екі доңғалақты көлікті тапа-тал түсте жәбірленушінің үйінің ауласынан ұрлап кеткен.

Сот күдіктіні 188-баптың 3-ші бөлігі “ Бірнеше рет жасалған ұрлық” бойынша кінәлі деп танып, үш жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Телекоммуникациялық кабельдерді ұрлаушылар оларды балқытып, мыс ретінде темір қабылдау орындарына өткізеді,- дейді полицейлер.

Предыдущая запись
Түркістан облысы: Түлкібас ауданында «Ұлттық домбыра» күні аталып өтті
Следующая запись
Шымкент впереди планеты всей?

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню