445
Шымкент қаласы бойынша аумақтық департаменті бюджет қаражатын жымқырды деген күдікпен балабақша меңгерушілеріне қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын бастады.
Бала-бақша басшылары 2019 — 2021 жылдар аралығында балалардың қатысу есебіне жалған мәліметтер енгізіп, мектепке дейінгі білім беруді жан басына шаққандағы қаржыландырудың «Балапан» бағдарламасы бойынша қарастырылған жалпы сомасы 45,7 млн.теңге бюджет қаражатын заңсыз жымқырған деген күдікке ілінді.
Қазір бұл іс бойынша тергеу жүріп жатыр, деп жазылған ведомство өкілдері таратқан ақпаратта.