Шымкентте 29 тамыздан бастап қайтарымсыз грант алуға құжаттар қабылданады

Теги: ,
443

Шымкентте 29 тамыздан бастап 2021-2025 жылдарға арналған ұлттық жоба шеңберінде 1 225 200 теңгеге дейін қайтарымсыз гранттар алуға өтінімдер қабылдау басталады.

Әкімдіктегілердің мәліметінше, өтінімдер «Business.enbek.kz» порталы арқылы онлайн қабылданады. Қатысу үшін үміткер порталға электрондық цифрлық қолтаңба (ЭЦП) арқылы тіркеліп, өтінім береді.

Мемлекеттік грант қаражаты – ісін жаңа бастаған кәсіпкерлерге өздерінің бизнес-әлеуетін ашуға, өндірісті жолға қоюға және дамытуға, сол арқылы өзін тұрақты табысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Әр қатысушы оны тек бір рет ала алады.

Ескере кететін жайт, өтінімдер 29 тамыздан 9-қыркүйекке дейін қабылданады (сенбі-жексенбі, яғни 3-4 қыркүйек күндерін қоспағанда).

Белгіленген 616 азаматтан өтініш келіп түскен жағдайда, өтінім қабылдау тоқтатылады.

Жұмыспен қамту, «Бизнес бастау», мемлекеттік грант бойынша қосымша сұрақтарға жауапты халықты жұмыспен қамту орталығы бөлімшелеріне хабарласып алуға болады.

Предыдущая запись
Қолайлы климат — инвестиция тартудың ең жақсы шарты
Следующая запись
Алматыда спорт басқармасының лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню