408
«Ұлттық тағамдар күніне» арналған «Тағамдар фестивалі» мерекелік
іс-шарасында әзірленген қазыға 100 келі жылқы еті кетті. Оны жасауға 20 аспаз үлес қосқан. Жалпы ұзындық 30 метр шығатын қазы қала тұрғындарының көз алдында дайындалды.
Қалалық мәдениет, тілдерді дамыту және архивтер басқармасы баспасөз қызметінің мәліметінше, ұлттық тағамдар мен қазы балалар үй, қарттар үйі, әлеуметтік аз қамтылған отбасылар мен көп балалы отбасыларға таратылған.