696
Шымкентте үйінде ойнап жүрген 5 жасар бала терезеден құлап кетті. Ол ересектердің қарауынсыз қалған екен. 3-қабаттан құлаған бүлдіршіннің жағдайы ауыр.
Қалалық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, оқиға Қаратау ауданы, Ақжайық шағынауданындағы №2 бес қабатты көппәтерлі тұрғын үйде болған.
«2016 жылы дүниеге келген ұл бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлаған. Ол балалар ауруханасына жеткізіліп, «бел омыртқасының сынуы, іштің түтіккен жарақаты, жабық бас сүйек-ми жарақаты» деген диагноз қойылды. Жағдайы ауыр» делінген департамент мәліметінде.
Айта кетейік, жыл басынан бері Шымкентте 5 бала терезеден құлаған.