407
Щербакова көшесі бойында орналасқан жеке тұрғын үйдің шатырына 80 жастағы ата шығып, өздігінен түсе алмай қалған. Бұл туралы«112» құтқару қызметіне тұрғындар хабарлаған. Үйдің төбесіне шыққан атаның қан қысымы көтеріліп, түсе алмай жатқаны белгілі болды. Жедел-құтқару жасақтың құрамында 4 құтқарушысы бар құтқару бөлімшесі оқиға орнына жедел жетіп барды. Оқиға орнында құтқарушылар 1941 жылы туған қарт адамды сатымен жерге түсірді. Оның шатырға шығу себебі белгісіз.
Жерге түсірген бойда атаны жедел жәрдемге табыстады, деп хабарлайды төтеншеліктер.