Дәрігерлер жамбас тұсы жараланған 8 жасар қыздың жағдайы орташа, тұрақты деп бағалады. Ал оның 14 жастағы әпкесі алғашқы медициналық көмектен соң үйіне жіберілген.
Бүгін таңертең мектепке бара жатқан ағайынды қыздарды көлік қаққан болатын.
«Hundai Accent» маркалы автокөлігі Әл-Фараби көшесі бойымен бағытталуы барысында Қ.Сыздықов көшесіне бұрылмақшы болып тұрған «Nexia» маркалы автокөлікпен соқтығыспау мақсатында оңға бұрылып, қиылыстағы тұрған жүргіншілерге арналған бағдаршамды және жолдың жиегінде жаяу жүргіншілердің жолағына шықпақшы болған екі жасөспірімді, соңынан жолдың жиегінде тұрған электр бағанын соққан» -деп хабарлады Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Қазір екі автокөлік те айыптұраққа қойылған. Жүргізушілерге хаттама толтырылды.