Шымкентте Lada автокөлігінің жүргізушісі жаяу жүргіншіні көлік қағып кетті. Жол-көлік оқиғасы Самал-3 шағынауданында болған. Орта жастағы ер кісі оқиға орнында көз жұмды. Polisia.kz жазуынша, қазіргі таңда көлік тізгіндеушіге қатысты Қылмыстық кодекстің 345-бабы (Көлік құралдарын басқаратын адамдардың жол жүрісі немесе көлік құралдарын пайдалану қағидаларын бұзуы) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Айта кетейік, жыл басынан бері ӘҚБтК-нің 615-бабы (Жаяу жүргіншілердің және жол жүрісіне өзге де қатысушылардың жол жүрісі қағидаларын бұзуы) бойынша 21 939 құқық бұзушылық анықталып, әрқайсысы 6126 теңге айыппұл арқалаған. Жалпы 96,2 млн теңге әкімшілік айыппұл салынып, оның 60,1 млн теңгесі өндірілген. Сонымен қатар жол бойында жаяу жүргіншінің қатысуымен 94 жол-көлік оқиғасы тіркелді. Оның салдарынан 10 адам қаза тауып, 90 тұлға әртүрлі дене жарақатын алды.