Қаратау ауданындағы жеке үйлердің біріне түн қатып кіргендер келтірген шығын мөлшері шамамен -44 млн теңгені құраған. Майнингке арналған 46 аппаратты қолды қылған үш ер адам сот үкімімен 5 жыл мерзімге бас бостандықтары айрылды. Тәртіп сақшыларының анықтауынша, үш азамат криптовалюталарды жинауға арналған жабдықтың орналасқан жері алдын ала хабардар болған. Сотталғанның бірі бұрын осы майнинг фермаға электр қуатын жөндеу үшін барғаны белгілі болды және осы қылмысты жоспарлаған да сол болып шықты. Күдіктілер өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушіге келтірілген залалды өтеген. Алайда, іс мұнымен бітпейтін секілді. Майнинг ферманы жүргізу жайты бойынша материалдарды Қаратау ауданы Полиция басқармасының тергеушілері Экономикалық тергеу департаментіне жіберді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкентте майнинг фермаға ұрлыққа түсіп, бірнеше миллионға сан соқтырғандар сотталды
291
Видео
Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті