​Шымкентте «Мерейлі отбасы»байқауына өтінімдер қабылдау басталды

Теги: , ,
360

«Мерейлі отбасы»ұлттық конкурсына қатысуға өтініштер қабылдаудың басталғаны туралы хабарлаймыз.

Байқаудың мақсаты-отбасылық құндылықтарды дәріптеу, Қазақстандағы отбасының әлеуметтік мәртебесін арттыру. Оған мүшелері шығармашылық және спорттық адамдар, зиялы қауым өкілдері, ғалымдар болып табылатын отбасылар қатыса алады.

Конкурсқа қатысу және оны өткізу қағидаларымен Шымкент қаласы әкімінің ресми сайтында танысуға болады www.gov.kz.

Конкурсқа қатысу үшін өтініш пен конкурстық құжаттарды 2022 жылғы 23 мамырдан 23 маусымға дейін мына мекен-жайға тапсыру қажет::

Абай ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Тәуке хан даңғылы,№ 3. Байланыс +7 (7252) 53-02-00;

Әл-Фараби ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Тыныбаев көшесі, № 49. Байланыс +7 (7252) 54-58-46;

Еңбекші ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Толстой көшесі, № 119. Байланыс +7 (7252) 53-27-42;

Қаратау ауданы әкімінің аппараты, Шымкент қаласы, Байдыбек би даңғылы, № 60. Байланыс +7 (7252) 77-45-96.

2013 жылдан бастап Қазақстанда жыл сайын «Мерейлі отбасы»ұлттық конкурсы өткізіледі. Конкурс 3 кезеңде өткізіледі: Бірінші кезең — аудандық (қалалық), екінші кезең — облыстық, үшінші кезең — Ұлттық. Ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап байқаудың бірінші кезеңі басталды. Конкурсты өткізудің мақсаты: «Мерейлі отбасы» ұлттық конкурсы Адамгершілік құндылықтарды жаңғыртуға және отбасы мен некенің (ерлі-зайыптылықтың) оң бейнесін насихаттауға, отбасы мәртебесін арттыруға бағытталған. 1) бала тәрбиесіндегі ата-аналардың жауапкершілігін арттыру; 2) отбасылық құндылықтарды көрсету және кеңінен насихаттау, кәмелетке толған балаларының еңбекке жарамсыз және қарт ата-аналарына қамқор болуы; 3) отбасы институтын, имандылықты, руханилықты нығайту, жауапты ерлі-зайыптылықтың маңыздылығын тану; 4) қазақстандық отбасының оң имиджін насихаттау.

Предыдущая запись
В Шымкенте объявлен прием заявок на конкурс «Мерейлі отбасы»
Следующая запись
Қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкіміне келіспеген Атырау облысы әкімінің экс-бірінші орынбасары Нұрлан Таубаев аппеляцияға шағымданбақ

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню