Шымкентте миллондаған теңгеге төселген веложол жүруге жарамай қалды

Теги: ,
381

Кедір-бұдыр күйге түсіп, әр жері ойылып жатқан велосипедпен жүруге арналған жол. Құрылысы өткен жылдың қазан айында ғана аяқталған. Жауапты өкілдердің мәліметінше, ұзындығы 4,5 шақырымға созылатын веложолақтың бүгінде 628 метрі опырылып жатыр.

Әлеуметтік желіде 1,6 млрд. теңгеге салынған жолдың адам шошырлық күйге түсіп жатқаны туралы видео тарап, көпшіліктің қызу талқысына түскен-тін. Осы жолға қатысты бүгін Шымкент қаласы әкімінің орынбасары арнайы жауап берді. Мақсұт Исаховтың айтуынша, жаңа жолдың бүлінуіне жол төсеген компания емес, кәріз жүйесін жүргізген мекеме кінәлі көрінеді.

Мақсұт Исахов, Шымкент қаласы әкімінің орынбасары:

-4,5 шақырым аэропорт веложолындағы 0,6 шақырым жолдың отырулары тікелей кәріз жүйесін жасаған мердігер «ЭнСаф» ЖШС тарапынан ретке келтірілетін болады. Себебі бұл мердігер мекеме кәріз жүйесін жүргізгенде лабораториялық сынамаларында жол салатын жер қабаты тығыздығы сай екеніндігін көрсеткен. Осы көрсеткіштер негізінде «Корпарация Береке» ЖШС жол құрылысын жүргізген».

Мақсұт Исаховтың сөзінше, жалпы веложолақ құрылысына бюджеттен 122 млн. теңге қаржы бөлініпті. Бірақ опырылған 628 метр жолдың шығыны шамамен 6-7 млн. теңге болады деді. Бүлінген жолдың сапалы бүтінделуін әр үш күн сайын барып, қадағалап тұратынын айтқан қала әкімінің орынбасары бүгін де сол жерде болып келіпті. Мердігер мекеме 1-мамырға дейін бұл шаруаны өз есебінен бітіруі тиіс.


Предыдущая запись
Түркістан облысы: лауазымды тұлғаға сот 23 млн теңге көлемінде айыппұл салды
Следующая запись
Түркістан облысы: атаулы әлеуметтік көмек алатын отбасы балалары мектепте берілуі тиіс ыстық тамақтан қағылып жүр

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню