Үшінші мегаполисте қала халқының артуына байланысты, қоғамдық көліктер бізге қажет. Ол жасырын емес, әсіресе оның сапасы, тұрғындарды тасымалдауы талапқа сай болуы керек. Осы орайда жолаушыларды тасымалдау мекемелері барынша тырсып, қызмет атқарғанымен, жүргізушілер мен кондукторлардың мәдениеті халық тарапынан сынға ұшырап жатады. Осыған орай мегаполисте арнайы коммиссия құрылған болатын. Нақтырақ тоқтайтын болсақ, Шымкент қаласы бойынша бүгінгі таңда 1000 қоғамдық көлік бар болса, оның ішінде 876 автобус жолаушыларды тасымалдайды. Ал қалғаны резервте тұрады. Жалпы, шаһарда жолаушыларды тасымалдаумен айналысатын 10 көлік компаниясы бар. Олар: «Shymkent-Bus», «T-Bus», «Автоимпульс», «MAN-Оңтүстік», «М и Р и Со», «ТТК», «Радуга транспорт», «Санжар-Моторс», «Абдуганиев» және «Автокомбинат №4». Қоғамдық көлік саласының қызметіне қатысты тұрғындар тарапынан өтініш жиі түсіп тұратыны жасырын емес. Осыған байланысты қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан биылғы сәуір айында бақылау жұмыс тобы құрылған болатын. Тұрғындар мен мамандардан құрылған арнайы топ жүргізушілер мен кондукторлардың мәдениетін, жол ақысын төлеудің заңдылығын, қоғамдық көліктердің тазалығын, автобустардың уақтылы жүруін қадағалайды. Сонымен қатар, қала ішіндегі бағыттарда жүретін автобустарға қатысты күнделікті рейд жүргізіліп, құқықбұзушылықтардың алдын алуда. Соның нәтижесінде жол жүру ережесін бұзудың 442 дерегі анықталған. Барлық жүргізушілерге заң аясында шара қолданылды, дейді жауапты мамандар. Осылайша бүгінде қоғамдық көлік саласының қызметіне талап едәуір күшейтілген. Ал бұл, өз кезегінде, қызмет сапасының жақсаруына септігін тигізеді.
Шымкентте қоғамдық көлік қызметінің сапасы жақсарды
401
Видео
Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті