446
Шымкентте көпқабатты тұрғын үйлердің біріндегі пәтерден 51 жастағы әйелдің мәйіті табылды.
Полиция департаментіндегілер мәйітті қарау кезінде ешқандай дене жарақаты анықталмады деп отыр. Ал жедел жәрдем қызметкерлерінің айтуынша, марқұмның қайтыс болғанына кем дегенде үш күн болған.
Төтенше жағдайлар департаментіндегілер болса, пәтерде газ қондырғысын орнату кезінде орнатуда ешбір ақау анықталмағанын айтты.
«Мән-жайды толық білу мақсатында сот-медициналық сараптамасы тағайындалды» деп қысқа қайырды Полиция департаментіндегілер.