​Шымкентте құрылыс қалдықтарын тек белгілі бір жерге шығаруға болады

Теги: ,
501

Шымкент қаласындағы Ақтас-1 елді мекенінде құрылыс қалдықтарын бір жерге жинау және өңдеу алаңы жұмыс істей бастады. Бұл туралы Шымкент қаласының әкімдігінде хабарлады.

Ведомствоның хабарлауынша, «Green Line қоқыс өңдеу зауыты» ЖШС-не құрылыс қалдықтарын сұрыптау және өңдеу алаңын ұйымдастыру үшін жер телімі бөлінген. Бұған Қазақстан Республикасы Экология кодексінің 351-бабы 1-тармағы негіз болды. Кодекс тармағына сәйкес, құрылыс қалдықтарын көму үшін полигондарға қабылдауға тыйым салынады.

Осыған байланысты Шымкент қаласының әкімдігі тұрғындардан құрылыс қалдықтарын арнайы ұйымдастырылған алаңға апаруды сұрайды.

«Сонымен қатар құрылыс қалдықтарын анықталмаған орындарға, оның ішінде рұқсат етілмеген үйінділерге төккендерге айыппұл салынатын хабарлаймыз», — делінген хабарламада.

Құрылыс қалдықтарын шығару бойынша сұрақтарыңыз болса, «MPZ Green line» ЖШС-не 8 778 115 52 78 телефон нөмірі бойынша хабарласуға болады.

Айта кетейік, «Green Line» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу және сұрыптау жұмыстарын жүзеге асырады.

Қоқыс өңдеу зауытының құрылысы 2011 жылы басталып, 2015 жылы пайдалануға берілді, оның ауданы 5 гектарға жуық. Зауыт бюджет қаражаты мен жеке инвестицияларға салынды. Оның жалпы құны салынған сәттен бастап 1 миллиард 150 миллион теңгені құрайды. Қазақстан Республикасы бойынша екінші «Green Line» қоқыс өңдеу зауыты халықтан, коммерциялық кәсіпорындар мен ұйымдардан қатты коммуналдық қалдықтарды қабылдауға, қайталама шикізатты ала отырып қоқысты сұрыптауға және қалдықтарды орналастыруға арналған.

Предыдущая запись
Строительный мусор в Шымкенте можно вывозить только в определенное место
Следующая запись
Ярмарка вакансий — шанс найти достойное рабочее место

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню