385
Шымкентте «Газель» жүк көлігі отқа оранды. Оқиға демалыс күндері күндізгі уақытта Тоғыс елдімекеніндегі Керуен сарай көшесінде орын алған. Үй жанында тұрған жүк көлігінің өртке оранғаны туралы хабарлама өрт сөндіру қызметіне сағат 15:36-да келіп түскен.
«Оқиға орнына Төтенше жағдайлар департаментінің 9 қызметкері мен 2 техникасы жұмылдырылды. Өрт сағат 15:54-те оқшауланып, 16:03-те толығымен сөндірілді. Зардап шеккендер мен қайтыс болғандар жоқ. Өрттің шығу себебі анықталуда»,-деді Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер.
Ведомства мәліметінше, өрт салдарынан жүк көлігіндегі құрылыс заттары мен құжаттары толығымен жанып кеткен.