Қалалық перинаталдық орталықтың дәрігерлері үш сәби мен анасын бүгін перзентханадан сән-салтанатпен шығарып салды. Айсултан, Алия және София есімді сәбилердің қазіргі жағдайы қалыпты.
«Үшем 24 сәуір күні жүктіліктің 35-ші аптасында жасанды тілік арқылы туылған. Сәбилердің салмақтары 2 000-2 470 грамм, бойлары 40-42 см құрайды. Бүгінде нәрестелер салмақ қосып, денсаулықтары жақсарған» ,- деді қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы.
Үшем туған шымкенттік Гүлмира Юсупованың бұдан алдын бес баласы бар еді. 33 жасында үшем босанған қала тұрғыны бірден сегіз баланың анасы атанды.
Айта кетейік, Шымкентте жыл басынан бері 10 649 сәби дүние есігін ашқан. Оның 5 165-і қыз болса, 5 484 ұл бала, деп хабарлайды Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.