424
Ол көлігіне отырған жолаушыларды әңгімеге тарта отырып, пәтер алуға көмектесемін деп сендірген. Жүргізушінің сөзіне иланғандар оның қызмет ақысы ретінде 100 мың мен 500мың теңге аралығында ақша ұстатып үлгерген. Таксист осылайша жеті адамнан 1 млн 585 мың теңге алыпты. Жәбірленушілердің шығыны қайтарылды.Бірақ таксист жазадан құтыла алмады. Сот 4 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады.