396
Шымкент қалалық Төтенше жағдайлар департаментіндегілер қала тұрғындары мен қонақтарына құлақтандыру хабарламасын жолдады. 7 қазан күні шаһар аумағында электродабыл қағылады.
«Құрметті Шымкент қаласының тұрғындары мен қонақтары! Қалалық құлақтандыру жүйесінің сенімділігін және техникалық жарамдылығын тексеру мақсатында 07 қазанда сағат 11:00-де электродабылдар іске қосылады. Дабыл қағу арқылы «Баршаның назарына!» деп аталатын сигналға ден қою тәртібі пысықталады» делінген департамент мәліметінде.
Төтеншеліктер құрылғыларды тексеру барысында халықтан үрейленбей, сабыр сақтауды сұрайды.