Шымкентте тағы бір индустриалды аймағы ашылады

Теги: ,
321

Шымкент қаласы Абай ауданы аумағынан «Стандарт» индустриалды аймағын ашу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жоба Мемлекет басшысының 2025 жылға қарай өңдеу өнеркәсібінің экспортын 1,5 есеге көбейту бойынша берген тапсырмасына орай жүзеге асуда. Бұл туралы қала басшысы Мұрат Әйтенов өзінің кезекті есептік жиынында айтып өтті.

«Қазірдің өзінде Абай ауданында ірі және орта кәсіпорындар саны 33-ке жетті. Бизнес объектілерінің артуы – қаланың экономикасы мен жалпы қаржылық дамуына оң ықпал етпек. Индустриалды аймаққа 30 млрд теңгеден астам инвестиция тартуды жоспарланған. Осы арқылы жұмыссыз жүрген 3 мыңға жуық азаматты жұмыспен қамтитын мүмкіндік туады»,-деді Мұрат Әйтенов.

Әкімдіктің баспасөз қызметінің мәліметінше, Абай ауданының бюджеті 5 жыл бұрын 22,6 миллиард теңге болса, биыл бұл көрсеткіш 5 есеге артып, 110,8 миллиард теңгені құрады. Қаржының басым бөлігі денсаулық, білім салалары мен әлеуметтік көмекке жұмсалған. Ауыз су, газ, жарықпен қамту, жол салу жұмыстары да күн тәртібінен түскен емес.


Еске салсақ, қала әкімінің әр тоқсан сайынғы халықпен есепті кездесуі Абай ауданы тұрғындарымен жалғасты. Шаhар басшысы 9 айдың қорытындысы бойынша баяндама жасап, 50-ден аса сұраққа жауап берді.

Кездесуге 400-ге жуық тұрғынмен қатар, қоғамдық кеңес мүшелері, мәслихат депутаттары мен БАҚ өкілдері қатысты. Аталған жиын Шымкент қаласы әкімдігінің инстаграмдағы ресми парақшасында тікелей эфирде көрсетілді.

Қала басшысы жыл басынан бері мегаполистегі елдімекендерді аралау барысында 125 кездесу өткізіліп, 1020 мәселе көтерілген. Әрбірі жеке хаттамаға енгізіліп, орындалуы жіті бақылауға алынған. Нәтижесінде бүгінге дейін 488 мәселе шешілген, 377-сі жыл соңына дейін шешімін табатын болса, ал 195 мәселе 2023-2025 жылдар жоспарына енгізілген. Одан бөлек, ай сайын аудан белсенділерімен әкімдік ғимаратында қабылдаулар өтуде. Онда атқарылған жұмыстар нәтижесі баяндалып, белсенді тұрғындармен мақұлданып отырды. Соңғы 9 айда 11 рет жеке қабылдау өткізіп, 1 217 азаматтың мәселесі тыңдалды. 2 341 мәселенің 760-сы нақты шешімін тапса, 1 476-сы орындалуда, қалған мәселелер заң талаптарына сәйкес шешілетін болады.

Билік пен халық арасындағы байланыс осындай ашық диалогтар арқылы талқыланып, қаланың өркендеуі жолында үш жақты жауапкершілік орнағанына тоқталған Мұрат Әйтенов алдағы уақытта да бұл жұмыстар жалғасатынын жеткізді.

Өз кезегінде Абай ауданының әкімі Бқхарбай Парманов 34 елдімекен бойынша атқарылған жұмыстар мен халық сұранысындағы ауыз су, газ, жол мәселесенің шешімдері бойынша баяндама жасады.

Жиын соңында қала әкімі хаттамаға енген мәселелердің шешімі бойынша заң аясында жан-жақты жұмыстар атқарылатынын атап өтті. Қоғамдық мәселелердің шешімінде белсенділік танытқан тұрғындарға ризашылығын білдірді.

Предыдущая запись
Вопросы продвижения межэтнической политики и общественного согласия обсудили в Шымкенте
Следующая запись
В Шымкенте наградили лучших оперативников

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню