​Шымкентте «тең қоғам» орталығы жұмыс істейді

Теги: ,
569

Әлеуметтік қолдау орталығының жұмысымен ҚР Парламенті Сенатының депутаты Ләззат Қалтаева танысты.

«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы «бір терезе»қағидаты бойынша бес бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Мұнда дәрігер мен психолог жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударылды. Мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік портал қызметтерін өз бетінше алуды үйрене алады.

«Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау — мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі. Бүгінгі таңда мемлекеттік жәрдемақымен қатар медициналық оңалту мен емдеудің әртүрлі түрлері көрсетіледі. Әлеуметтік портал арқылы көмекші құралдармен толық қамтамасыз ету жүзеге асырылады. Бұдан басқа, Парламентте мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қорғауға бағытталған заңнаманы әзірлеу бойынша ауқымды жұмыс жүргізілуде. Сессияаралық демалыс кезінде біз осы жұмыстың нәтижесі қалай болатынын көру үшін аймақтарды аралаймыз», — деді сенатор.

Айта кету керек, халық қалаулысы әлеуметтік мәселелерді, қаладағы әлеуметтік қамсыздандыру мәселелерін, мүмкіндігі шектеулі азаматтардың өзекті мәселелерін және оларды шешу жолдарын талқылауға арналған дөңгелек үстел отырысына қатысты.

Айта кетейік, Орталық өткен жылы ашылған болатын. Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов ашылу салтанатында — мүмкіндігі шектеулі азаматтарды қолдау — мемлекеттің әлеуметтік саясатының басым бағыттарының бірі екенін атап өтті. Мемлекеттік жәрдемақымен қатар оларға медициналық оңалту және емдеу түрлері көрсетіледі. Әлеуметтік портал арқылы көмекші құралдармен толық қамтамасыз етіледі.

«Шымкентте мүмкіндігі шектеулі 36 мыңнан астам адам тұрады. Оның 6 мыңнан астамы кәмелетке толмағандар. Біз оларға өздерін қоғамның толыққанды мүшелері ретінде сезінуіміз керек. Бұл ретте мүгедектерді оңалту және оларды қоғамға интеграциялау міндеттерін сапалы іске асыру маңызды мәнге ие. Бүгінде әлеуметтік қолдау орталығы осы міндетті орындауға жәрдемдесуде», — деді Мұрат Дүйсенбекұлы.

«Тең қоғам» әлеуметтік қолдау орталығы «бір терезе»қағидаты бойынша 5 бағыт бойынша қызмет көрсетеді. Мұнда дәрігер мен психолог жұмыс істейді. Мүмкіндігі шектеулі азаматтарды жұмысқа орналастыруға ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, мұнда мүмкіндігі шектеулі жандар әлеуметтік портал қызметтерін өз бетінше алуды үйрене алады.

Предыдущая запись
​В Шымкенте работает центр «Равное общество»
Следующая запись
Шымкентцы могут онлайн получить госуслуги по линии госрегистрации юрлиц

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню