Шымкентте қыз бала танысына 5 млн теңгеге зат жеткізіп беремін деп «алаяқтық» жасап кеткен

384

Алаяқ шымкенттік әйелді 5 млн теңгеге алдап кетті, деп хабарлайды Polisia.kz.

Қаратау ауданы Полиция басқармасына жергілікті жердің 33 жастағы тұрғыны арызданған.

Оның айтуынша, 28 қыркүйекте қаладағы ірі сауда орталықтарының бірінде сатушы болып жұмыс жасайтын танысы көтерме бағада киім-кешек жеткізіп беремін деп 5 млн теңгесін алаяқтық жолмен иемденіп алған.

Аталған жайт ҚР ҚК-нің 190-бабымен (Алаяқтық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Полиция қызметкерлерімен күдіктінің жеке басын анықтау мақсатында барлық қажетті шаралар қабылданып, жедел-іздестіру жұмыстары жүргізілді.

Нәтижесінде тәртіп сақшылары күдікті азаматшаны қала аумағында қолға түсірді. Ол Шымкент қаласының 24 жастағы тұрғыны болып шықты. Бұрын-соңды сотты болмаған. Ұсталған азаматша заңсыз әрекетке қордаланып қалған қарыздарынан құтылу мақсатында барғанын мойындады. Алған ақшаны қарыздарына таратып жіберген.

Қазіргі кезде күдіктінің осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатыстылығы анықталып жатыр. Тергеу амалдары жүргізілуде.

Предыдущая запись
В Шымкенте девушка «смошенничала» на 5 млн тенге, пообещав товары по оптовой цене
Следующая запись
Более 70 матерей полицейских наградили медалью «Үздік офицердің анасы» в Шымкенте

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню