446
Шымкентте Жиделібайсын және Шардара көшелерінің қиылысында ірі жол апаты орын алды. Полиция департаментінің мәліметінше, “Хова” жүк көлігінің жүргізушісі рульдік басқару жүйесін игере алмай қалған. Содан бағдаршамның қызыл түсі жанғанда тоқтап тұрған 4 тонна қарбызы бар газельге барып соғылған. Оның салдарынан тағы 6 жеңіл көлік бір-бірімен соқтығысып, ұзын-сонар жол кептелісі орын алды. Оқиға 17 шілде күні болған.
Апат салдарынан адам шығыны жоқ, тек көліктерге материалдық шығын келтірілген.
«Аталған жайтқа қатысты жол апатын жасаған “Хова” жүргізушісіне Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодекстің 610-бабы 2-бөлігі бойынша хаттама түзілді. Тиісті құжаттар Әкімшілік полиция басқармасына жолдануда»,-деді қалалық Полиция департаментіндегілер.