Төтенше жағдайлар департаментінің құтқару қызметіне 45 жастағы әйел адамның туыстары 10-сәуір күні түнгі ондар шамасында көмек сұрап хабарласқан. Еңбекші ауданы Жылан бұзған ауылының тұрғыны 1977 жылы туған келіншектің күндізгі сағат 15.00-де үйден мал ідеуге шығып кетіп, қайтып келмегенін жеткізген. Туыстары оның суға түсіп кетуі мүмкін деген болжамын айтқан.
«Оқиға орнына жедел-құтқару жасақтың құтқару бөлімшесі құрамында 7 адам және 1 кинологиялық есеп іздестіру жұмыстарына шықты. Суда іздестіру жұмыстары Жылан бұзған ауылының аумағынан ағып өтетін ені 3 метр, тереңдігі 2-2,5 м құрайтын суармалы каналда жүргізілді.
Құтқарушы-сүңгуірлер іздестіру жұмыстарын 2 тәулік бойы 8 250 шаршы метр су асты іздестіру жұмыстары жүргізді. Нәтижесінде 11 — сәуірде сағат 12.15-те әйел адамның денесін судан шығарып алды», деп мәлімдеді ТЖД баспасөз хатшысы.