Шымкентте өзін блогер деп таныстырған тұрғын бопсалау жасады деген күдікпен құрықталды

Теги: ,
429

Криминалдық полицияға шенеуніктердің бірі шағымданған. Ер адам, өзін блогер ретінде таныстырған бірнеше адам өзінен жарты миллион теңге көлемінде ақша бопсалағанын айтқан. Оның сөзінше, 500 мың теңгені олар әкімшілік ғимараттың жыртылған мемлекеттік туы туралы бейнежазбаны таратпау үшін сұраған.

Аталған жайтты полиция қызметкерлері, ҚР ҚК-нің 194-бабы «Бопсалау» бойынша тіркеді. Күдікті қылмыс үстінде қолға түсті.

«Тәртіп сақшылары азаматты ұстау барысында, оның « Toyota Camry» маркалы автокөлігінен 300 000 теңге көлеміндегі ақша тәркіледі. Қазіргі таңда, сот шешімімен күдікті қамауға алынып, ұсталған азаматқа қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Тергеушілер оқиғаға қатысты барлық мән-жайды анықтау үстінде», деп хабарлады Шымкент қаласы ПД-нің баспасөз қызметі.

Предыдущая запись
Түркістан облысында мал ұрлығымен ұсталғандарды құтқаруға уәде еткен жоғары шенді полицей сотталды
Следующая запись
Однажды в Алматы, или эмигранты из России в казахском Дубае

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню