360
Шымкент әкімі қаладағы бірқатар кәсіпорындардың жұмысымен танысты. Солардың бірі – «Оңтүстік» индустриалды аймағында орналасқан Орталық Азияда теңдесі жоқ алюмин құтылар, яғни банкалар шығаратын зауыт. Қала әкімдігі баспасөз қызметінің мәліметінше, аталған кәсіпорынның аумағы 6 гектарды алып жатыр. Инвестициялық жобаның құны — 23,4 млрд теңге. Жылына 500 млн қақпағы бар банка шығаруға қауқарлы кәсіпорын 157 адамды жұмыспен қамтып отыр. Шығарылған өнімнің 80 пайызы ішкі нарыққа, 20 пайызы сыртқы нарыққа жөнелтіледі. Өткен айда техникалық пайдалануға берілді. Өндірілген өнім елге келген импорттың 60 пайызын алмастырады.