Шымкенттегі жарылыс жәйті бойынша Еңбекші аудандық полиция басқармасының қызметкерлері ҚР ҚК-нің 292-бабы 2-бөлігі «адам өліміне әкеп соққан өрт қауіпсіздігі талаптарын бұзу» бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Алдын ала мәліметтер бойынша, жарылыстың себебі газдың жиналуынан болған. Оқиға орнында күзетші қаза тапты. Басқа зардап шеккендер жоқ. Полиция қызметкерлері перинаталды орталықтың пациенттерін және жақын маңдағы үйлердің тұрғындарын эвакуациялап, оқиға орнын қоршауға алды . Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды.
Ғани Иляев көшесіндегі перинаталдық орталықта бүгін жарылыс болды.
«Оқиға орнына Шымкент қаласы ПД басшылығы, жедел-тергеу тобы мен ТЖД қызметкерлері шықты. Келген бойда жарылыс салдарынан № 138 ауруханааралық жеке дәріхананың ғимараты қирағаны анықталды, онда тұзды ерітінді өндіріледі. Жарылыс салдарынан болған өртті ТЖД қызметкерлері толығымен оқшаулады» — делінген Шымкент қаласы ПД баспасөз қызметі таратқан ресми ақпаратта.