349
Шымкентте 26 жастағы тұрғын шағын қаржылық ұйымнан несие аламын деп, қомақты ақшасынан айырылды. Әл-Фараби аудандық полиция басқармасына жергілікті тұрғын арызданған. Ол өз арызында танысы микроқаржылық ұйымнан 1 миллион 200 мың теңге көлемінде несие шығарып беремін деп, уәде бергенін көрсеткен. Ол қызметі үшін 650 мың ақшасын алаяқтық жолмен иемденіп алған.
«Күдіктінің жеке басы анықталып, тәулік ішінде ұсталды. Ол Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 26-да, жұмыссыз. Ұсталған бойжеткен бұған дейін еш жерде тұрақты жұмыс жасамаған. Қылмыстық кодекстің 190-бабы 3-бөлігімен (Алаяқтық) қылмыстық іс тіркеліп, сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде» деп атап өтті қалалық Полиция департаментіндегілер.