Шымкентте ақшадан қысылған екі баланың анасы дүкеннен азық-түлік ұрлап кетті.
Абай ауданының полиция басқармасына «102» арнасы арқылы жергілікті тұрғын арызданған. Ол арызында бөгде азаматша дүкенінен сүт өнімдерін (қаймақ – 870 тг, ірімшік – 2050 тг) және нан өнімдерін (печенье – 1300 тг, жаңғақты нан — 1200 тг) жасырын түрде жымқырып, оқиға орнынан бой тасалағандығын жазып көрсеткен. Жалпы келтірілген шығын — 5420 теңгені құраған.
«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 187-бабы 1-бөлігімен (Ұсақ-түйек жымқыру) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел-іздестіру іс-шарасын жүргізіліп, күдіктінің жеке басы анықталды. Полицейлер оны қала аумағынан қолға түсірді. Ұсталған азаматша Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Жасы – 37-де, екі баланың анасы. Келіншек өз кінәсін толықтай мойындап, заңсыз әрекетке қаржыдан қысылғандықтан барғанын және бұл үшін өкінетінін жеткізді. Қазіргі кезде шығын толығымен өтелді. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде» деп атап өтті қалалық Полиция департаменті.