Шымкенттік тұрғын тапа-тал түсте танысының үйіне ұрлыққа түскен

Теги: ,
390

Шымкентте тапа-тал түсте танысының үйіне ұрлыққа түскен 49 жастағы ер кісі ұсталды. 47 жастағы тұрғын жұмысынан келген кезде үйінің астаң-кестеңі шығып, тұрмыстық заттардың шашылып жатқанын байқайды. Әйел азаматы дереу полиция шақырған. Ол өз арызында бұрын бірге тұрған танысы кілттің көшірмесін пайдаланып, үйіне рұқсатсыз кіргенін айтқан. Сондай-ақ, өзі жинап жүрген 370 мың теңге ақшасын, құны 520 мың теңгелік «APPLE Ipad» планшетін және 470 мың тұратын «Samsung S21+» маркалы ұялы телефонын жасырын түрде ұрлап кеткендігін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген жалпы шығын көлемі 1 360 000 теңгені құрап отыр.

«Аталған жайт ҚР ҚК-нің 188-бабы 1-бөлігімен (Ұрлық) сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіліміне тіркелді. Жедел іздестіру іс-шарасы барысында күдікті бір тәулік ішінде ұсталды. Ол 49 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Полицейлер ұсталған азаматтың басқа да осы тектес жайттарға қатысы бар-жоқтығын анықтауда. Тергеу амалдары жүргізіліп жатыр» делінген қалалық Полиция департаментінің мәліметінде.

Белгілі болғандай, ер кісінің бұл әрекетке баруына екеуара бас араздығы себеп болған. Ұсталған азамат ұрлық жасап, осы жолмен одан өшін алмақ болыпты. Қазіргі кезде айғақты заттар (тұрмыстық техникалар) тәркіленіп және 370 мың теңге қаржы иесіне қайтарылды.

Предыдущая запись
В Казахстане будет «править» невидимое правительство
Следующая запись
Казахстанцы не смогут сдавать лом, черный и цветной металл за рубежом

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Заполните поле
Заполните поле
Пожалуйста, введите корректный адрес email.
Вы должны согласиться с условиями для продолжения

Видео

Қала әкімнің біріңғай қабылдауы жаңа форматқа көшті

Новость дня

Популярное среди читателей

Колонки редакторов

Все теги

Меню