Ұлыстың ұлы күніне орай «Қошқар Ата сейілі» атты көктем мерекесінің көркін қыздырған шараға екі қошқар тігілген. Бірі -45 келі, екіншісі -104 келі болатын қос қошқарды желкеге салып, отырып тұрушылар аз болмаған.
Бірінші қошқарды қатысушылар арасында 47 рет көтерген Көкбұлақ тұрғын алабының тұрғаны Ербол Бақтығали қанжығасына байлады. Жеңімпаз қошқарды үйдегі малына қосамын деп алдағы жоспарын да бөлісті.
Ербол Орынхан, «Қошқар көтеру» сайысының жеңімпазы :
«Өзім Көкбұлақтағы мәдениет үйінде жұмыс істеймін. Осында мерекелік шараны ұйымдастырумен айналысып жүрдім. «Қошқар көтеру» сайысы болады наурызда дегенді естіп бағымды сынап көрейін дегенмін. Аллаға шүкір, олжалымын. Осы Наурыз мейрамында 2 қошқар тігіледі дегенді естіп, бір қошқарды ұтып кетем деген едім. Ниетім тура екен. Үйде мал бар, соның қасына қосам Құдай қаласа.»
«Қошқар көтеру» сайысына тігілген екінші қойдың салмағы ауыр -104 келі. Оны 7 үміткердің арасынан суырылып шыққан палуан 20 рет көтеріп, үйіне алып кетті.