401
Үкімет басшысының орынбасары әрі Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді ел аумағына кіріп жатқан Ресей азаматтарының саны азайғанын айтты. Бұл туралы ведомство басшысы тілшілер сұрағына жауап беру кезінде мәлімдеді.
«Соңғы мәліметтер бойынша кеше Қазақстанға ағылған ресейліктер саны төмендеді. Яғни, елімізден кеткен ресейліктердің саны келгендерге қарағанда артық болған», — деді министр.
Еске салсақ, бұған дейін Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов 21 қыркүйектен бері Қазақстанға Ресей елінің 200 мыңнан астам азаматы келгенін мәлімдеген болатын. Соның 147 мыңы елден кетіп үлгерген.