412
Түркістан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі Түлкібас ауданы әкімінің орынбасарына қатысты жеңімпаз деп тануға қолдау көрсеткені және Мемлекеттік сатып алу шартын жасасқаны үшін құрылыс компаниясының директорынан 4 миллион теңге сомасында делдал арқылы пара алу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады.
Күдікті тұлғалар ұсталып, Түркістан қалалық ПБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етуге жатпайды.