369
Түркістан облысы, Түлкібас ауданында екі сарайдың өртену фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
«Тексеру барысында анықталғандай, 18.09.2022 жылы таңғы сағат 3:30 шамасында жергілікті тұрғындардың фермасында белгісіз жағдайда өрт шыққан. Салдарынан шөп қоры сақталған екі сарай өртенген. Тілсіз жаудан зардап шеккендер мен құрбан болғандар жоқ. Шығын көлемі анықталуда. Қазіргі уақытта ҚР ҚК 202-бабы «Бөтеннің мүлкін қасақана жою немесе бүлдіру» бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Сараптама тағайындалды» деп атап өтті Түркістан облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Өртке қатысты қылмысты ашу мақсатында жедел-тергеу тобы құрылған. Оқыс оқиғаның нақты себептерін айқындау бойынша іс-шаралар кешені жүргізілуде.